Инновациялар

Ақмола облысында «Батыр» атты сүйрегіш көлік құрастырылды

«Батыр» Ерейментау ауданындағы жеңіл брондалған көпбүтін сүйрегіш базасында жасалды, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола26 Мамыр , 08:54

«Батыр» сүрегіші техниканың сүйгін жаңғырту жолымен дайындалды және ол адамдар мен жүк  тасымалдауға, тіркегіштерді сүйреп жүруге, жүруге қиын аймақтардағы апаттан құтқару сияқты шараларды жүзеге асыруға арналған. Бұл техника Қарулы Күштер өкілдерінен тарапынан қолданылудан қалған, ал біз оны «Батыр» сүйрегішіне айналдырып, екінші қайтара пайдалануға мүмкіндік жасап отырмыз»,-деді «КИ 811 автожөндеу зауыты» акционерлік қоғамының Бас директоры Ержан Кәрімов.   

«Батыр» жылдың кез-келген мезгіліне қолайлы. Қыста қармен жылдам жүретін болса, суда еш кедергісіз қозғалады. Биылғы жылғы су тасқыны кезінде «Батыр» өзінің бар күш-қуатын көрсетті. Оның техникалық мүмкіндіктеріне келетін болсақ, өзінің жұмыс бабындағы салмағы  9 мың 700 келіні құрайды. Ал, тіркегішінің салмағы 6 мың 500 келі. Яғни «Батыр» осындай ауыр салмақтың өзін жұлып алады. Жылдамдығы сағатына 60 километрді құрайды»,-деді Бас директор.  

Естеріңізге сала кетейік, «КИ 811 автожөндеу зауыты» АҚ жүк тасымалдайтын және шынжыр табанды техникаларға күрделі жөндеу жүргізуге бейімделген Қазақстан Республикасындағы ірі кәсіпорындардың бірінен саналады және бұл салада оның мемлекеттік тапсырыстарды орындап жүргенінен 13 жылдан асты. «Батыр» сүйрегіші зауытта жасалып жатыр. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Инвестициялық комитеті  зауыттың өртке қарсы автоцистерналер мен ЗИЛ-135 ЛМ көлігін күрделі жөндеу жөніндегі бірқатар инвестициялық жобаларын мақұлдады.

 




Яндекс.Метрика