Инфрақұрылымның дамуы

А.Мұхамедиұлы: Щучинск қаласындағы шаңғы базасының құрылысы 2015 жылы аяқталады

Осы жылы Щучинск қаласындағы шаңғы базасының құрылысы аяқталады. Қазіргі таңда нысан 90 пайызға дайын, деді ОКҚ брифингінде Мәдениет және спорт министрі Арыстан Мұхамедиұлы.
Нұр-Сұлтан25 Мамыр , 11:57

«Щучинск қаласының спорттық-республикалық базасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша  олимпиада чемпионы Смирновтың жетістіктері үлгісінде құрылды. Владимир Смирнов осы жобаның жүзеге асуына қатысты. Осы жылы шаңғы базасының құрылысын аяқтау қарастырылған. Қазір нысан 90 пайызға дайын. Трамплин орнату қалды. Бұл жауапкершілікті қажет ететін, күрделі технология», - деді министр.

Министрдің айтуынша, Щучинск қаласының шаңғы базасы 2016 жылдың 1 қаңтарында келушілерді қарсы алады. Спорт кешенінде спортшылар ғана емес, тұрғындар да жаттыға алады.

«Бізге қысқы спорт түрлерін дамыту өте маңызды. Қазақстанда бокс, күрес саласында үлкен жетістіктер бар, біз қалған  спорт түрлерін дамытуымыз қажет. Шаңғы базасы қысқы спорт түрлерін дамытуға серпін береді. Біз 2015 жылдың 1 қаңтарында бұл базаның жұмыс істеуіне өтініш бердік. Спорт кешенінде спорттық шаралар ғана өтіп қоймай, тұрғындар  да жаттыға алады. Мемлекет басшысы бұл кешендер халық игілігіне қолданылсын деген тапсырма берген болатын», - деді ол.

База құрылысына шаңғы-биатлон трассасы, трамплиндер кіреді.

Анар Тәңірқұлова

 

 




Яндекс.Метрика