Өңірлер

Ақмола облысының әкімі 6 аудандағы көктемгі егін егу жұмыстарының барысымен танысты (ФОТО)

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин көктемгі егін егу жұмыстарының барысымен танысу мақсатында аймақтағы 6 ауданды аралады. Ол Целиноград, Қорғалжын, Астрахань, Егіндікөл, Шортанды мен Еңбекшілдер аудандарына барып қайтты, деп әкімдіктен хабарлады.
Ақмола 25 Мамыр, 11:21

«Аймақ басшысы әр аудандағы көктемгі егін-егу алаңдарын аралап, ауылдық округтердің әкімдерімен, шаруалармен  кездесті. Жалпы егін алқабына 200-ден астам аграрилер келген. Кездесу барысында өңір басшысы ауыл округтерінің әкімдерінен бүгіннен бастап қысқы жылыту маусымына дайындықты бастауды тапсырды. Сонымен қатар, ол әр ауылдарда абантандыру жұмыстарын жүргізуі керек екендігін жеткізді», - делінген хабарламада.

Жалпы, кездесу барысында облыс әкімі А.И. Бараев атындағы институт ғалымдарының кеңестерін ескере отырып көктемгі егін егу жұмыстарын ұйымдасқан тұрғыда өткізу қажеттгін атап өтті.

Өз кезегінде шаруалар мемлекет тарапынан көрсетлііп отырған қолдау шараларына алғысын жеткізді.

 





Яндекс.Метрика