Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан әлеуметтік жаңарту жүргізудің үздік жағдайына ие

2012 жылы Қазақстан жариялаған республиканың әлеуметтік жүйесін түбегейлі жаңарту үрдісі елдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қазіргі жағдайына сарапшылардың назарын тағы да назар аудартып отыр. Көптеген көрсеткіштер бойынша Қазақстан посткеңестік кеңістікте көш бастап отырғанын айта кету керек.
Казахстан03 Қаңтар , 00:00

«Бүгінде Қазақстан әлеуметтік оптимизм тудырып отырған елдің үлгісі. Елдің өткен жиырма жылдағы экономика, білім беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік қамту салаларындағы көрсеткіштерінің өсуі  тек сарапшылар мен мамандардың ғана емес, бәріміздің көзімізді жеткізіп отыр. Бүгінде сарапшылар «жалпы берекелі мемлекеттен» «нақты мүмкіндікті мемлекетке» ауысу мәселесін талқылауда», -делінген М.В.Ломоносов атындағы ММУ жанындағы Посткеңестік кеңістіктегі саяси үдерістерді зерттеу жөніндегі ақпараттық-аналитикалық орталықтың шолуында.

Қазақстандық экономиканың өсу көрсеткіші қандай? Соңғы 10 жылда ел экономикасының ауқымы және Қазақстан халқының әл-ауқаты 2 еседен астамға өсіп отыр. ЖІӨ өсімі бойынша Қазақстан Украина (он жылда небәрі 60% өсуге қол жеткізген), Ресей (66%), Өзбекстан (111% ) сияқты елдерден озды.

Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің сенімді өсімі, тек ТМД елдерінің деңгейіне ғана емес, Еуроодақ елдерінің және жалпы Еуропаның деңгейіне жетіп отыр. Халықаралық валюта қорының мәліметі бойынша, 2011 жылы Қазақстанда ЖІӨ өсімінің деңгейі 7,5% құрады. Бұл барлық Еуропа елдерінің арасында – бірінші орын. Мысалы, Германия 2011 жылы 2,7% өсімге қол жеткізсе, Франция – 1,7%, Италия – небәрі 0,6% өсімге қол жеткізген. Ал Грекияда ЖІӨ бірденнен 5% құлдырап отыр.

Қазақстанда Адами Даму индексі 0,745-ке тең, бұл адами даму деңгейі жоғары елдердің тобымен шамалас көрсеткіш. Соңғы он бес жылдағы үдеріс мынадай: 1995-2011 жылдардың аралығында Қазақстанда Адами Даму индексі 0,636-дан 0,745-ке дейін, яғни 17% өсті (яғни, жыл сайынғы өсу шамамен 1% құрайды).

Бұл, біріншіден, Қазақстанның әлеуметтік саласының орнықты дамуын көрсетсе, екіншіден, Адами Даму индексі бойынша Қазақстан рейтингінің біртіндеп орнықты өсуін білдіреді.

2011 жылы Қазақстан 2,26 трлн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірді, бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 26,7% көп. ТМД елдерінің арасында ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуі бойынша еліміз бірінші орынға шығып отыр. Ресейде 2011 жылы 22% өсім тіркелсе, Беларусь және Өзбекстан елдерінде – тек 6,6%, Молдовада – 4,6% өсім тіркелді.

«Қазақстан әлеуметтік- экономикалық жаңартудың өз моделін іске асыруда, және ол модельде Шығыс пен Батыстың басымдығы, ауқымды макроөңірлік кооперация мен жаһандық ынтымақтастыққа талпыныс үйлесім тауып отыр. Қазіргі таңда, әлемдік экономика дамуының заманауи үрдістерін, сондай-ақ жекелеген экономикалық тұрғыдан мығым және әлеуметтік тұрғыдан кемеліне жеткен мемлекеттерді ескерсек, барлық прогрессивті әлем қоғамдастығы ХХІ ғасырдың әлеуметтік мемлекетін біртіндеп дамытуға талпынуда», - деп атап көрсетіледі М.В.Ломоносов атындағы ММУ жанындағы Посткеңестік кеңістіктегі саяси үдерістерді зерттеу жөніндегі ақпараттық-аналитикалық орталықтың шолуында.

Осы тұрғыдан алғанда, мемлекеттің алдында халықты әрі қарай әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз ету және әлеуметтік стандарттарды көтеру мәселесі туындайды. Бірақ, бұл мәселені бұрынғыдай зейнетақы мен жәрдемақы көлемін артыру және бюджет шығыстарын көбейту жолымен шешу дұрыс емес. Сондықтан да, мемлекеттің алдынан жаңа ығыттар туындап отырған кезде, жетекші елдердің бұрынғы қаржылық жүйесі дағдарысқа ұшырап отырған жағдайда, қоғам мен мемлекеттің өзара қарым-қатынастарының жақатынастарының жаңа модельдерін іздеу қажеттілігі туындап отыр.

«Мемлекет ресурстарын және азаматтардың жеке әл-ауқатын ұлғайту үрдісі өмірдің жаңа сапасына деген сұранысты артыра түскені анық. Бірақ мемлекет бюджеттің әлеуметтік баптарына салынатын салмақты арттыру жолымен бұл проблеманы шеше алмайды. Ресурс жетпейді. Сондықтан да, еңбекке жарамды халық өз әлеуетін барынша тиімді іске асыру мүмкіндігіне ие болатын жағдай жасау керек», - деп санайды М.В.Ломоносов атындағы ММУ жанындағы Посткеңестік кеңістіктегі саяси үдерістерді зерттеу жөніндегі ақпараттық-аналитикалық орталықтың директоры Алексей Власов.

Барлық әлеуетті топ өкілдеріне өз әлеуеттерін іске асыруға жағдай жасау - жария етілген әлеуметтік жаңарту үдерісінің негізгі талабы. Міне сондықтан, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы мәселені бұқара халықпен талқылауға баса назар аударып отыр. Міне сондықтан да, әлеуметтік жаңарту үдерісін әзірлеу және оны іске асыру жөніндегі Елбасының тапсырмасы басымдықты міндеттердің қатарынан жатқызылуда.

«Бүгінгі қоғамға мемлекеттің шексіз донор емес, азаматтардың әл-ауқатын өсіруге жағдай жасайтын серіктес екенін түсіндіру қажет. Мемлекеттің стратегиясы әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік прогреске бағытталуы тиіс. Бұл дегеніміз, мемлекетке ауыз ашып үйренген керенаулық қасиеттен бас тарту деген сөз», деп атап көрсетті Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» атты мақаласында.

Мемлекет пен қоғамның арасындағы әріптестік қарым-қатынас – Қазақстанның жаңа әлеуметтік бағытының тағы бір көрінісі. Бұл мәселеде Елбасы ұлттық дүниетанымды өзгертуге, қолданыстағы әлеуметтік әдеттерді өзгертуге және қалыптасқан қасаң қағидалардан бас тартуға шешуші роль беріп отыр.

"Қазақстандықтар Президенттің идеясына оң баға беріп отыр. Әділ және адал еңбек идеясының негізінде Қазақстан халқының ынтымақтастығын арттыра түсуге негізделген Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы Коалициясын құру бастамасы көтерілді. Бұл коалиция жұмыстан қашпайтын, жаңа міндеттерді қолдайтын барша азаматтарға ашық", - дейді ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның тратегиялық зерттеулер институты әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Сейдин.




Яндекс.Метрика