Кедендік одақ

ҚТЖ делегациясы Темір жол әкімшіліктері Кеңесінің жұмысына қатысты

Минскіде Достастыққа қатысушы елдердің темір жол әкімшіліктері Кеңесінің 62-ші отырысы өтті. Достастыққа қатысушы елдердің темір жол әкімшіліктері Кеңесінің 62-ші отырысына «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Бауыржан Орынбасаров бастаған делегация қатысты, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ.
Әлемде22 Мамыр , 10:48

Отырысқа қатысушылар Кеңестің 61-ші отырысының шешімдерінің орындалу барысымен, өткен жылғы темір жол желілерін пайдалану қорытындыларымен, халықаралық бағдардағы жолаушыларды тасымалдау жайы мен биылғы жылдың алғашқы тоқсанының нәтижелерін қарады.

Өткен жылғы контейнерлердің есебін жүргізуді биылғы жылмен салыстыра отырып қарастырды. Сонымен қатар 2015-2016 жылдары пойыз қозғалысының нормативтік кестесі, темір жол әкімшіліктерінің өзара есеп айырысу жайы талқыланды. Онда мемлекетаралық пойыз қатынасындағы және Кеңес жұмысын үйлестіруге қатысты мәселелер де қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар Кеңес отырысының хаттамасына қол қойды.

 




Яндекс.Метрика