«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Ақтөбе облысында «Нұрлы жол» аясындағы жобаларды жүзеге асыру үшін 9,6 млрд теңге бөлінді

Кеше облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен кеңес өтіп, онда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қаралды.
Ақтөбе22 Мамыр , 09:58

Елбасының «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауынан бастау алатын 2015- 2019 жылдарға арналған инфрақұрлымдарды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру еліміздің барлық аймағында өріс алып жатқаны белгілі.Аймақ басшысы кеңесті қысқаша сөз сөйлеп ашып, «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясатының маңызы мен міндеттеріне тоқталды. Экономиканы нығайтуда Елбасы міндеттеп отырған тапсырмаларды кеңеске қатысушылардың есіне салды, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

Аталған мемлекеттік бағдарлама бойынша алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан трансферттік мақсатқа үстіміздегі жылы 401,9 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұдан Ақтөбе облысына барлық бағыттар бойынша 9,6 млрд. теңге бағытталып отыр.

Облыс әкімі Архимед Бегежанұлы Ұлттық қордан бөлінген осы қаржыны мақсатты және тиімді жұмсаудың қажеттілігін айрықша атап көрсетті.

«Нұрлы жол» бағдарламасының негізгі бағыттарының жүзеге асырылу барысы жөнінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Роза Кемалова хабарлама жасады.

Кеңесте облыстың  ағымдағы міндеттерін шешетін бұдан да басқа бірнеше маңызды мәселелер талқыланды.

 

 




Яндекс.Метрика