Үкімет

К. Мәсімов: Қазақстан Орталық Азияда бизнес жүргізу үшін ең қолайлы мемлекет

Қазақстан бизнес үшін ашық және Орталық Азияда осы саладағы үздік мемлекет. Бұл туралы VIII Астана экономикалық форумы барысында ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов хабарлады.
Нұр-Сұлтан21 Мамыр , 16:29

«Естеріңізге сала кетейін, неге Қазақстанда инвеситицияларға басымдылық берілген, Қазақстан бизнес үшін ашық және Орталық Азияда осы саладағы үздік мемлекет. Сонымен қатар, 24 жыл тәуелсіздік жылдары ішінде өсімнің берік платформасын қалыптастырдық. Соңғы он жылда Қазақстанның экономикалық өсімі екі есе артты, осылайша ол әлемдегі 10 белсенді экономикасы бар мемлекеттің біріне айналды», - деді К.Мәсімов.

Премьер-Министр, Қазақстанның экономикасы жан-жақты ойластырылған инвестициялық саясаттың арқасында әртарапты болып бара жатқанын еске салды.  «Біз Орталық Азияға миллиардтаған долларларды тартудамыз. Қазақстан Орталық Азияға тартылатын барлық шетелдік инвестициялардың ¾ бөлігін тартуда. Нәтижесінде біздің бәсекеге қабелеттілігіміз артуда», - деп атап өтті ҚР Премьер-Министрі.

Естеріңізге сала кетейік, елордада VIII Астана экономикалық форумы жұмысын бастады. Биылғы жылы форумның тақырыбы: «Инфрақұрылым – экономикалық дамудың драйвері» деп аталады.

21-22 мамыр аралығында екі күн бойына 30 іс-шара өткізу жоспарланған.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика