Инфрақұрылымның дамуы

Ақмола облысында тамыз айында 420 орындық жаңа мектеп ашылады (Фото)

Ақмола облысы Макинск қаласында 420 орындық жаңа мектеп ашылады, оның құрылысына 1 млрд 93 446 млн теңге жұмысалды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақмола 21 Мамыр, 09:11

Әлеуметтік нысан құрылысын Бұланды ауданына сапары аясында Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин тамашалады.

Сапар барысында Сергей Кулагин аудандық ауруханада болды. Медициналық мекемеде «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жүргізілген болатын. Оның құны 144 млн теңгені құрады. Бұл қаржыға барлық кабинеттер мен палаталар, астық блогтары жөнделді. Аурухана ауданның 35 мың халқын қамтып отыр.

Бұланды ауданының ауылында «Психоневрологиялық медико-әлеуметтік мекеме» бар. Бұл жерде  511 адам емделу ұстінде. Облыс әкімі сапар барысында медициналық мекеменің жұмысымен танысып, ұжыммен кездесті.

Аймақ басшысы жасалған жұмыс шығыны мен шатыр жөнделудің жайын қарастыруды тапсырды.





Яндекс.Метрика