Білім беру

Елордалық 900 оқушы жаз мезгіліндегі қауіпсіздік туралы интерактивті сабаққа қатысты

Астана қаласы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының, мемлекеттік тіл және ақпарат тобының қызметкерлері мен Суда-құтқару қызметінің мамандары, қалалық Білім басқармасында жаз мезгіліндегі қауіпсіздік бойынша интерактивті сабақ өткізді, деп хабарлады Астана қаласының ТЖД.
Нұр-Сұлтан20 Мамыр , 17:01

Сабаққа Елордалық 34 мектептің шамамен 900 оқушысы қатысты.  Сабақ барысында негізгі 3 тақырып қарастырылды: «Жаз мезгіліндегі өрт қауіпсіздігі», «Балалардың отпен ойнауының салдары», «Судағы қауіпсіздік шарттары».

« Сабақтың мақсаты да маңызды: судағы төтенше жағдайлардың алдын-алу, өзін-өзі сақтау сезімін қалыптастыру, өрт орын алған жағдайда дұрыс әрекет ету дағдысын қалыптастыру», - делінген хабарламада.

Әдістемелік дайындықтың жоғары деңгейі, ақпараттық сыймдылық пен материалдардың сапалы дайындығы сабақтың қызықты өтуіне себепші болды. Балалар өз кезектерінде, отпен ойнаудың арты қандай салдарға әкелетінін білді, өрттің шығу себебі мен суда өзін-өзі ұстаудың негізгі шарттары жайында хабардар болды. 

 

 

 




Яндекс.Метрика