Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

А.Шәкіров: Бес институционалды реформа – адам мен азаматтың құқықтарын қорғау мен қамтамасыз етудің іргетасы

Бес институционалды реформа адам мен азаматтың құқықтарын қорғау мен қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін дамытудың жаңа кезеңінің іргетасы, деді Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Нұр-Сұлтан19 Мамыр , 18:32

«Бес институционалды реформа адам мен азаматтың құқықтарын қорғау мен қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін дамытудың жаңа кезеңінің іргетасы іспеттес. Бүгінгі таңда Қазақстанда азаматтық қоғам институттары қалыптасты және ол мемлекеттік органдармен тиімді әрі тұрақты байланыста бірлесіп жұмыс істеуге қауқарлы»,-деді А.Шәкіров.

Омбудсмен өкілінің сөзінше, қоғам мен БАҚ мемлекеттік қызметтің жұмыс сапасын жіті қадағалап отыр, осы ретте реформа уақытында қолға алынған шара деуге болады.  

«Бұл азаматтық сананың жаңа деңгейге шыққандығын көрсетеді және біз оның соңғы уақытта ерекше қарқынмен өсіп келе жатқандығының куәсі болып келдік. Бұған қазақстандықтардың президенттік сайлауға ерекше белсенділікпен қатысқандығын дәлел ретунде келтіруге болады»,-деді ол.     

Анар Тәңірқұлова

 

 

 




Яндекс.Метрика