Өңірлер

ҚДБ жеңілдік автонесиесі бойынша 5,6 млрд теңгенің 1757 өтінімін мақұлдады

Қазақстанның Даму Банкі жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасы аясында 5,6 млрд теңгенің 1757 өтінімін мақұлдады, деді ОКҚ брифингінде ҚДБ төрағасы Болат Жәмішев.
Нұр-Сұлтан19 Мамыр , 17:28

«Өңдеу өнеркәсібін қолдаудың жеке салаларын қолдау – ҚДБ арқылы қаржы бөлінуде, ол екінші дәрежелі бан арқылы, автонесиелеу мен ҚДБ лизингі арқылы отандық өндірушілердің мамандандырылған техника өндірісіне бөлінуде. Құны 15 млрд теңге. Бірінші және екінші жағдайда отандық өндірісті қолдау мәселесі қозғалады», - деді ол.

Оның айтуынша, жеңілдікпен несиелеу аясында 5,6 млрд теңгеге 1757 өтінім мақұлданды.

«Бағдарлама аясында 2015 жылдың 15 мамырына сәйкес, ҚДБ ҚР Үкіметі бекіткен қаржыландыру тәртібіне сәйкес келетін 1757 өтінімді мақұлдады. Ол 5,6 млрд теңгені құрады. ҚДБ кері қайтарған өтінім болмады. Егер де біз кері қайтарған өтінім болған күнде де ол біздің азаматтарымызға тиесілі емес. Біз екінші дәрежелі банк дұрыс емес құрастырған өтінімді кері қайтарамыз», - деді ол.

Айта кетейік, жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасы бөлінген қаржының 40 пайызын өтеп алды.

Анара Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика