Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ақтауда Бірыңғай бағдарламаға қатысушылардың кездесуі өтті

«Бизнестің жол картасы - 2020» бірыңғай бизнеске қолдау көрсету және дамыту бағдарламасының критерийлері мен жүзеге асыру тетіктері Ақтау қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында талқыланды, деп хабарлады Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы.
Маңғыстау19 Мамыр , 16:53

Талқылауға бағдарламаны үйлестірушілер, яғни Маңғыстау облысы  кәсіпкерлік және сауда басқармасының, облыстың барлы аймақтарындағы кәсіпкерлік бөлімдерінің, Маңғыстау облысы бойынша аймақтық Кәсіпкрелер палатасының, «Даму» Қоры»АҚ филиалының аймақтардағы өкілдері қатысты.

«Бірыңғай бағдарлама Ақтау мен моноқала Жаңаөзендегі қайта өңдеу өндірісі және қызмет көрсету салаларындағы кәсіпкерлік субъектілеріне таныстырылып қойылған», - деп хабарлады «Даму» Қоры»АҚ филиалының директоры  Берік Нұрғалиев.

«Облыстағы бизнестің әлеуетін Форт-Шевченко сынды  шағын қалалар мен моноқала Жаңаөзенге бағыттаған жөн. Мысалы мұнда балабақша тапшылығы қатты сезіледі. Сонымен қатар, қайта өңдеу саласында дамытқан жөн, осылайша өз өнімімізді облыс ішінде пайдаланатын боламыз», - деді Маңғыстау облысы  кәсіпкерлік және сауда басқармасы бастығының міндетін атқарушы Айдос Жұмабек.




Яндекс.Метрика