Адами капитал

Әскерге шақырылған 40-тан аса солтүстік қазақстандық борышын өтеуге аттанды (ФОТО)

Петропавл қаласының Қарасай және Ағынтай батырлар мемориалы жанындағы театр алаңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында қызмет өткеру үшін әскерге шақырылған 40-тан аса солтүстік қазақстандық салтанатты түрде шығарып салынды.
Солтүстік Қазақстан 19 Мамыр, 09:12

Олар Гвардейск әскери қалашығындағы 30212 әскери бөліміне әскери борышын өтеуге аттанбақ, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.

«Жаңа шақырылғандар алдында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары В.Бубенко, Ұлы Отан соғысының ардагері К.Некебаев, Қарулы Күштердің ардагері В. Юрченко құттықтау сөз сөйледі. Олар әскерге шақырылғандарға әскери саладағы сәттілік пен аман-есен елге оралуын тілеп, еліміздің Қарулы Күштері қатарында қызмет ету жауынгерлік рухты тәрбиелеу мен көтеруге, Отан үшін қызмет етудегі ынтасын арттыруға және бірнеше тиімді дағдыларды меңгеруге бағытталатынын атап өтті», - делінген хабарламада.

Армияға шақырылғандарды Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, жергілікті әскери басқару органдарының ардагерлері, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары, әскерге шақырылғандардың ата-аналары мен туыстары шығарып салады.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық армия қатарын 2015 жылдың көктемгі науқанында (сәуір-маусым) әскерге шақыру жасындағы 15 мың жас толықтырады. 2015 жылы мерзімді әскери қызметке жалпы саны 30 мың қазақстандықты шақыру жоспарланып отыр.
 





Яндекс.Метрика