Сайлау-2015

Н.Назарбаевтың атына сайлаудағы жеңісіне байланысты әлемдік көшбасшылардан құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына президенттік сайлаудағы жеңісіне байланысты хаттар мен құттықтау жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан01 Мамыр , 14:37

Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Мұхаммад Наваз Шариф Пәкістан Үкіметі мен жеке өзінің атынан құттықтауында Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік сайлаудағы айқын жеңісі мен сайлаушылардың жоғары белсенділігі өз Көшбасшысының ел мемлекеттілігін табысты дамытудағы еңбегін халықтың даусыз мойындайтынын, сондай-ақ жасампаз әрі көреген саясатқа деген сенімнің жоғары деңгейін айғақтайтын атап өтеді.

Пәкістан Премьер-Министрі Қазақстан Президентінің елдің тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігеріне тоқталды.

«Сіз ұсынған бес реформа орта таптың экономикалық өсуі мен нығаюына, Қазақстан халқы бірлігінің күшеюіне, оның өркендеуі мен халықаралық аренадағы беделінің артуына септігін тигізетініне сенімдімін», – делінген құттықтауда.

М.Н.Шариф Қазақстан мен Пәкістан қарым-қатынастары дәстүрлі достық, тарих және мәдениет пен бауырластықтың көпғасырлық байланыстарына негізделгенін айтты.

«Елдеріміздің арасында өзара тиімді ынтымақтастық үшін зор әлеует бар. Екіжақты ынтымақтастықтың өзара мүдделілік танытатын нақты мәселелерін Сізбен талқылауды тағатсыздана күтемін», – делінген жеделхатта.

Израиль Мемлекетінің экс-президенті Шимон Перестен құттықтау жеделхаты келіп түсті.

Ш.Перес Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет игілігіне арналған көпжылдық қызметі көшбасшылықтың үлгісіне айналғанын атап өтті.

«Сіздің өз еліңізге деген адалдығыңыз Қазақстанды территориясы үлкен мемлекеттен мазмұны бай елге айналдырды, – делінген жеделхатта.


Израильдің экс-президенті Қазақстан Президентінің еңбегі мен жұмсаған күш-жігерінің нәтижесін халық лайықты бағалағанын айтты.

Ш.Перес елімізге өркендеу мен бақ-береке тіледі. 

Бруней Даруссалам Мемлекетінің Сұлтаны Хассанал Болкиах Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Презизденті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, жұмысына табыс тіледі.

Бруней Сұлтаны екі елдің игілігі үшін ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілік танытты.

Палестина Мемлекетінің Президенті Махмуд Аббас Палестина Үкіметі мен халқының атынан Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

«Біз Қазақстан Республикасымен арадағы ынтымақтастық қатынастар мен барлық саладағы бауырластық байланыстарды нығайтып, дамытуды және халықтарымыздың бірлескен мүдделерін жүзеге асыру үшін оны барынша жаңғыртуды жалғастыруға ниетті екенімізді тағы бір рет айтамыз», – делінген жеделхатта.

Соңында Палестина Президенті Мемлекет басшысына мықты денсаулық және бақыт, ал Қазақстан халқына ілгерілеу мен бақ-береке тіледі.

Венесуэла Президенті Николас Мадуро ел Үкіметінің және жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Презизденті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

«Венесуэла Боливариандық Республикасының халқы мен Үкіметі Орталық Азия халықтарымен, әсіресе Қазақстан Республикасымен көпполярлы және көпорталықты әлемдік тәртіп құру бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыру үшін ниеттес екенін білдіреді», – делінген жеделхатта.

Үндістан Республикасының Президенті Пранаб Мукерджи Қазақстан Презизденті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

«Сіздің сайлаудағы жеңісіңіз – Қазақстан халқының Өзіңізге деген зор сенімінің айғағы. Қазақстанды мықты әрі өркендеуші мемлекетке айналдыруға бағытталған қажырлы еңбегіңіз өз жемісін беретініне сенімдімін», – делінген хатта.

Үндістан Президенті ортақ мүделлілік танытып отырған бірнеше салада өзара тиімді қарым-қатынастардың орнағанына қанағаттанатынын жеткізді. Ол сондай-ақ Үндістан екіжақты стратегиялық серіктестікті нығайту жөніндегі жұмыстарды жалғастыратынын айтты.

Соңында П.Мукерджи ҚазақстанПрезидентіне мықты денсаулық және табыс, ал елімізге ілгерілеу мен бақ-береке тіледі.

 




Яндекс.Метрика