Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Елбасының атына сайлаудағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхаттары келіп түсуде

Елбасының атына сайлаудағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Сәуір , 21:22

Хайнц Фишер Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

«Қазақстанның елдегі экономикалық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, демократиялық реформаларды да жүзеге асыруды жалғастыруын тілеймін» – делінген жеделхатта.

Австрия Федералдық Президенті Мемлекет басшысына мықты денсаулық, ал Қазақстан халқына бақ-береке тіледі. 

Сондай-ақ,  Кувейт Әмірі Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтады.

Сабах әл-Ахмад әл-Джабир әс-Сабах екі ел қарым-қатынастарының даму қарқыны жақсы екенін айта келе, түрлі салалардағы ынтымақтастықты кеңейту екі мемлекеттің де мүддесіне сай екенін атап өтті.

Кувейт Әмірі Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық пен амандық, ал Қазақстан халқына бақ-береке тіледі. 

Оған қоса, Т.Сайнясон Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтады.

«Лаос пен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынас және ынтымақтастық Сіздің басшылығыңызбен халықтарымыздың игілігіне, сондай-ақ бейбітшілікті, тұрақтылықты, халықаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталады деп үміттенемін», – делінген құттықтауда.

Лаос Президенті Мемлекет басшысына мықты денсаулық және жауапты қызметіне табыс тіледі.

Ф.Вуянович Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Черногория Президенті екі ел қарым-қатынасының аясы біртіндеп кеңейіп, достық байланыстардың нығайып келе жатқанын атап өткен.

«Елдеріміз арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастық жандана түседі деп үміттенемін, сондай-ақ ортақ іс-қимыл аясын кеңейтуге бағытталған бастамаларды қолдайтынымды білдіремін», – делінген құттықтауда.

Соңында Ф.Вуянович Қазақстан Президентіне мықты денсаулық және табыс тіледі.

Колинда Грабар-Китарович хорват халқының және жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады.

«Біз бірлескен күш-жігер арқылы елдеріміздің достық қатынастарын бұдан әрі де нығайтып, дамыта беретінімізге сенімдімін», – делінген жеделхатта. 

Бахрейн билеушісі Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы айқын жеңісімен және Мемлекет басшысы лауазымына кірісуімен құттықтап, бұл Қазақстан халқының жоғары сенімі мен қолдауының айқын айғағы екенін атап өтті.

Шейх Хамад бен Иса Әл Халифа сенімді диалогты және екіжақты ынтымақтастықтың барлық мәселелері бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенін айтты.

Әңгіме барысында екі мемлекеттің көшбасшылары  Қазақстан-Бахрейн ынтымақтастығының басымдығы бар бағыттарын талқылады, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ықпалдастықты жандандыру жолдарын белгіледі.

Телефон арқылы сөйлесуге бахрейн жағы бастамашылық етті.




Дерекнама

Яндекс.Метрика