Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Бес реформа бірдей дәрежеде мемлекет пен азаматтық қоғамға байланысты болады – саясаттанушы

5 реформа бірдей дәрежеде мемлекет пен азаматтық қоғамға байланысты, деді Саясаттанушылар конгресінің мүшесі Ләззат Түсіпова.
Астана қаласы 30 Сәуір, 20:54

«ҚР Президенті жүктеген міндеттердің нақты шынайы негізі бар. Мұны біздің еліміздің жүріп өткен жолдары да нақты дәлел бола алады», -деді ол

«Ұлықтау рәсімінде сөз сөйлеген Президентіміз алғашқы кезеңде әлемнің барынша дамыған 50 елінің қатарына қосылуы міндеті жүктелгенін, әрі оны біздің қол жеткізгеніміз, келесі кезекте сол дамыған мемлекеттердің үздік отыздығына кіруіміз қажеттігін атап өтті. Бұл - біз еңсеретін меже», - деді ол.

Оның атап өтуінше, бүгінгі таңдағы Мемлекет басшысы жүктеген маңызды міндеттердің бірі «Мәңгілік ел» қоғамын құру болып отыр.

«Бұл мақсаттарға қол жеткізуіміз үшін мемлекеттің де, азаматтық қоғамның да күш-жігері бір арнаға тоғысып, жұмыла жұмыс істеуі тиіс», - деді Л.Түсіпова.

Сондай-ақ, сарапшы атап өткендей, Комиссия құрамына лауазымда адамдар еніп тұрғаннан кейін олар 5 реформаны жүзеге асыратын барлық кешенді шешімдер мен жоспарларды қабылдайтын болады.

Оның пікірінше, Комиссия құрылуының жеделдігі жедел әрі тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Индира Қауметова

 





Яндекс.Метрика