Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Жаңғырту бойынша ұлттық комиссияның құрылуы Президенттің 5 реформаны жедел жүзеге асыру ынтасын байқатты– Сәбитов

Жаңғырту бойынша ұлттық комиссияның құрылуы Президенттің 5 реформаны жедел жүзеге асыру ынтасын атап өтті, деді саясаттанушы Жақсылық Сәбитов Астанада журналситерге берген сұхбатында.
Астана қаласы 30 Сәуір, 20:39

«Елбасы салтанатты ант беру рәсімінде 5 сын-қатерді атап өтті, ол әлемнің бірнеше елдеріне экономикалық тұрғыда ғана емес, тұрақтылық пен қауіпсіздік саласында да әсер етуі мүмкін. Бұл сын-қатерлер өте белсенді түрде дамуда, оларға тойтарыс беру үшін шаралар қолдану керек», - деді ол.

Ол атап өткендей, жаңғырту бойынша ұлттық комиссия 5 институционалды реформаның жүзеге асыруды басты назарға алады, мемлекеттік органдарды үйлестіру мен бизнес секторды және азаматтық қоғамды бағыттаумен айналысады.

Демек, барлық мемлекеттік, қоғамдық бизнес құрылымдар Президент реформасының жүзеге асырылуына жұмылдырылады.

 





Яндекс.Метрика