Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Халықтық реформаларды жүзеге асыру тиімді әрі сапалы түрде жүзеге асады - Селиверстов

Халықтық реформаларды жүзеге асыру тиімді әрі сапалы түрде жүзеге асады , деді Астанада журналистерге берген сұхбатында саяси мәселелер саласындағы сарапшы Сергей Селиверстов.
Астана қаласы 30 Сәуір, 20:29

«Ең дамыған отыз елдің қатарына кіру туралы жоба оны жариялаған адамның, яғни, Президенттің басшылығымен жүзеге асырылуы керек. Жобаны жүзеге асыру үшін де мықты команда керек. Сондықтан, Ұлықтау рәсімінде жария етілген Ұлттық комиссия құрылуы керек. Халықтық реформаларды жүзеге асыру  тиімді әрі сапалы түрде жүзеге асады», - деді ол.

«Осы Ұлттық комиссия Қазақстанның экономикалық және халықаралық байланыстарының дамуына серпін береді деп ойлаймын. Бұл сөзсіз, дұрыс қадам болады», - дейді әңгімесінде Сергей Селиверстов.

Оның айтуынша, үдемелі- индустриялды инновацялық даму мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығы жақсы аяқталды, екінші бесжылдық белсенді түрде жүзеге асуда.

Осы факторларды ескере отырып, ұлттық реформалар уақытында әрі сапалы жүзеге асатындығына сенім білдіруге болады. 





Дерекнама

Яндекс.Метрика