Халықаралық интеграция

Жапония Премьер-Министрі Елбасыны сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэ ҚР Президенті Н.Назарбаевты сайлаудағы жеңісіне байланысты құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Сәуір , 18:54

Синдзо Абэ Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады.

«Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастар саяси ғана емес, әлеуметтік-экономикалық салада да дамып, бұл орайдағы ынтымақтастық жаңа сатыға көтерілді. Сонымен қатар, біз халықаралық қоғамдастық аясында ядролық қарусыздану мәселесіне байланысты бір-бірімізді қолдаймыз. Мемлекеттерімізді жақындастыру мақсатында ынтымақтастықты одан әрі жандандырып, Қазақстан мен Жапонияның екіжақты қатынастарын дамытуға ниетті екенімді білдіремін», – делінген құттықтауда.

Соңында С.Абэ Мемлекет басшысына бақыт пен табыс, ал Қазақстан халқына бақ-береке тіледі. 

 




Яндекс.Метрика