Халықаралық интеграция

Литва Республикасының Президенті Қазақстанға гүлденуді тіледі

Д.Грибаускайте Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат және табыс тіледі.
Астана қаласы30 Сәуір , 18:39

«Литва мен Қазақстан арасындағы достық қатынас, сондай-ақ елдеріміздің оң бастамалары екіжақты ынтымақтастықты қарқынды дамытуға мүмкіндік береді. Біз таяу болашақта сауда, көлік, мәдениет және ғылым салаларындағы өзара тиімді жобаларды жандандырамыз деп үміттенемін. Біздің бірлескен күш-жігеріміз елдеріміздің игілігіне жұмсалатын болады», – делінген құттықтауда.

Литва Президенті сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевты және барша Қазақстан халқын Қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституцияның, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы мерекелерімен құттықтап, республикамызға бақ-береке тіледі.

Д.Грибаускайте Қазақстан Президентін Литваға сапарлап келуге шақырды және ол сапар елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты екіжақты деңгейде және Еуропалық одақпен қарым-қатынас аясында одан әрі нығайтудың жаңа мүмкіндіктерін жан-жақты талқылауға жағдай туғызатынына сенім білдірген.  

 




Яндекс.Метрика