Халықаралық интеграция

Тайланд Премьер-Министрі Н.Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Генерал Чан-Оча Таиланд халқының және жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Сәуір , 18:24

«Сіздің мол тәжірибеңіз бен елді даналықпен басқаруыңыздың арқасында Қазақстан Республикасы өңірде және халықаралық аренада белсенді әрі сындарлы рөл атқаруын жалғастыра беретін болады. Екі елдің ілгері дамуы үшін біздің ынтымақтастығымыздың жалғасуын және барлық саладағы қарым-қатынастардың нығаюын тағатсыздана күтемін», – делінген жеделхатта. 




Яндекс.Метрика