Үкімет

Елбасы ҚР Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Астана қаласы30 Сәуір , 17:28

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына  сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;

Бердібек Машбекұлы Сапарбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

Берік Мәжитұлы Имашев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;

Әсет Өрентайұлы  Исекешев – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі;

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасының Қаржы  министрі;

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Ерболат Асқарбекұлы Досаев – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Жанар Сейдахметқызы Айтжанова – Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі;

Владимир Сергеевич Школьник – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 




Яндекс.Метрика