Ұлтаралық бірлік

Қазақстан халқы Ассамблеясы тереңге бойлай дамуы керек - Башмаков

Қазақстан халқы Ассамблеясы еніне қарай емес, тереңінен дамуы керек, деді ОКҚ брифингінде ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі, ҚХА мүшесі Анатолий Башмаков.
Астана қаласы30 Сәуір , 16:53

«Қазақстан халқы Ассамблеясының тұңғыш кафедрасы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де ашылды.  Аталмыш университет әлемде Лев Николаевич Гумилев сынды орыс түркологының атына жазылған жалғыз мекеме. Оның зерттеулері әр түрлі ұлттың мәдениетін зерттеуге арналды», - деді А.Башмаков.

Сарапшы айтқандай, ҚХА еніне қарай емес тереңінен дамуы керек, кеңеюі керек.

«Бүгінде бізде ҚХА 14 кафедрасы бар. Кафедралардың 3 міндеті бар: қоғамдық-саяси кафедра, ол барлық типтік кафедралардан бөлек, олар саяси және идеологиялық жұмыстармен айналысады. Екінші міндет – оқыту, білім беру, үшінші – ғылыми қамту. Осы кафедраларды бағыттау үшін біз өткен жылы ҚХА қауымдастығын құрған болатынбыз», - деді ол.

Айта кетейік, 2015 жылдың 16 сәуірінде «ҚазҰЗУ» АҚ базасында ҚХА кафедрасы ашылған болатын.

Ботагоз Айтжанова




Яндекс.Метрика