Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстандықтар Президент алға қойған реформаларды жүзеге асыруға дайын-ҚХА

Мемлекет басшысының дана саясаты, көрегендігі мен салиқалылығы, әр қимылының негізделген, нақтылығы, тәуекелшілдігі мен батылдығы Қазақстан дамуының жаңа кезеңі ретінде өзінің нәтижесін берді, деді «Ахыска» республикалық этно-мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Р.Кушалиев.
Алматы30 Сәуір , 19:21

«Біз Алматы облысының этномәдени бірлестіктерінің  өкілдері Қазақстан Президенті ұсынған 5 институционалды реформаның дер кезінде қолға алынған өзекті мәселе екендігін жақсы түсінеміз»,-деді төрағасының орынбасары.

Оның пікірінше, институцоналды реформа – әлемдік экономика мен саясатта қалыптасқан жағдайға дер кезінде берілген жауап. Мемлекеттік аппаратты реформалау мен лауазым бойынша әділетті түрде өсу, мемлекеттік қызметшілерді ынталандырып отыру қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін артырады. Өз кезегінде ол мемлекеттік қызметтің имиджіне оң әсерін тигізіп, азаматтардың сенімін арттырады.   

«Заң үстемдігі қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз етуде міндетті түрде болуы қажет шарттар және ол  бизнестің де қарыштап дамуына ықпал етеді. Қазір құық қорғау және сот органдарында кәсіби мамандардың жұмыс істегені дұрыс»,-деді Р.Кушалиев.    

Алматы облысының өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында көптеген ұлттардың өкілдері келісім мен бейбітшілікті бір адамдай еңбек етіп, өмір сүруде. Киелі жерде өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы, фермерлік қожалықтар жасмы дамып келеді.  

«Орта және шағын бизнес пен аграрлық салаған деген мемлекеттік қолдау жерлестерімізді жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, жастар үшін жаңа кәсіп көздерін ашады. Алдыда күтіп тұрған жұмыстарда қажетті басты шар тол біздің бірлігіміз», -деді этомәдени бірлестік өкілі.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика