Адами капитал

ҚР ІІМ-де «Полиция аруы – 2014» байқауы өтті

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығының ұйымдастыруымен өткен «Полиция аруы.kz – 2014» және «Біздің полиция» байқауларының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлады ведомство.
Астана қаласы 30 Сәуір, 19:36

Салтанатты іс-шарада ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев осындай байқауларды полиция қызметкерлері арасында өткізу – қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген қызметкерлердің беделін нығайта түседі, полиция мамандығының мәртебесін арттырып, полицейлер отбасында отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді деп атап өтті.

Республикалық «Полиция аруы.kz» байқауын өткізу соңғы он бір жылдан бері дәстүрге айналған. Байқаудың басты ерекшелігі – погон таққан қыз-келіншектердің сыртқы сымбаттылығын бағалаумен шектелмейді, нәзік жандардың ішкі жан сұлулығын, олардың кәсіби шеберліктері мен жоғары жауапкершілігі де басты назарға алынады. Жыл сайын байқауға еліміздің әр түкпірінен құқық қорғау саласында еңбек етіп жүрген 12 ару қатысады.

Сонымен қатар «Біздің полиция» атты балалар көркемсурет байқауы да өз мәресіне жетті. Байқауға елдің түкпір-түкпірінен алты-он екі жас аралығындағы балалардан 114 сурет қабылданды.

Жеңімпаздарға құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар – тұрмыстық техника, планшет және телефон тапсырылды.





Яндекс.Метрика