Өңірлер

Жекешелендірудің екінші толқынының аясында құны 43 миллиард теңге болатын 160 нысан сатылды – вице-министр

Жекешелендірудің екінші толқынының аясында саудаға шығарылған нысандардың жалпы сомасы 43 миллиард теңгені құрады, барлығы 160 нысан сатылды,-деді Қаржы вице-министрі Руслан Даленов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында.
Астана қаласы30 Сәуір , 15:53

«Сатылған нысандардың жалпы сомасы 43 миллиард теңге болды, оның 730 миллионы республикалық бюджетке түсті, жергілікті бюджет 745 миллион теңгеге толықты. Тағы 3 миллиард теңге ӘКК және 38,6 миллиард холдингтердің бюджетіне түсті. Осылайша, жекешелендірудің негізгі бөлігі 89 пайызы холдингтерге түсті. Негізінен бұл «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы»,-деп түсіндірді   Руслан Даленов.

Бұған қоса, вице-министр ең қымбат нысан бүгінде «КЕГОК» АҚ болып отыр. Ол халықтық IPO бойынша 13,1 миллиард теңгеге сатылды.

Одан әрі «Қазақстан темір жолы» АҚ 5 нысаны бар. Олар: «Темір жол энерго» ЖШС – 6 миллиард теңге, «Қамқор Локомотив» ЖШС – 5 миллиард теңге, «Қазақстандық вагон құрастыру компаниясы» ЖШС 3,5 миллиард теңге, «Көлік қызметі орталығы» акционерлік қоғамы 1,8 миллиард теңге, «Темір жол жөндеу» ЖШС 1,7 миллиард теңге.

Осылайша, 160 нысан түрлі салалар бойынша ұсынылып отыр. Нысандар бойынша қызмет көрсету саласы алдыңғы орында тұр. Ең көп соманы өнеркәсіп нысандары беріп отыр – 25 миллиард теңге

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика