Ұлтаралық бірлік

Қазақстандағы V әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезіне Рим папасы келмек

V әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің съезіне Қазақстанға Рим папасы келмек, деді ҚХА мүшесі, ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Анатолий Башмаков аОКҚ брифингінде.
Астана қаласы30 Сәуір , 15:43

«Қазақстанды бүгінде рухани Мекке деп те айтайды. Себебі, бізге энергетикалық жаттығу мен «рухани аккуммулятор»  алуға да келеді. Ресей  патриархы өз келісімін әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің съезіне қатысуға келісім берді», - деді А.Башмаков.

Сарапшының айтуынша, рухани әсер етудің ауқымы кеңейеді.

 «Бұл шараның оңтайлысы – Қазақстан бүгінде барлығымыздың басын қосып отыр. Бұл орталықтың басында Елбасы тұр, ол әлемдік ұстанымдардың басын біріктіріп отыр. Бұл сайлаудың басты қорытындысы мен ҚХА жылының нәтижесі», - деді ол.

Айта кетейік, осы жылы V әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің съезі өтеді. Съездің 13-ші хатшылығының шешімі бойынша негізгі тақырып «Дін көшбасшылары мен саяси қызметтің диалогі».

Ботагоз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика