Өңірлер

Қаржы министрлігі: 2015 жылы жекешелендірудің екінші толқынының аясында 492 нысан сатылады

Жекешелендірудің екінші толқынының аясында 2015 жылы 492 нысан сатылады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Руслан Даленов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында айтты.
Астана қаласы30 Сәуір , 15:37

 «Бүгін біз жекешелендіру шарасының екінші толқынының аралық нәтижелерін ұсынып отырмыз. Екінші толқын өткен жылдың шілде айында басталған, 2014-2015 жылдарға жоспар бойынша 492 нысан, оның ішінде 160-ы саудаланып үлгерді, 122 нысан саудалануда, олар бірінші рет немесе қайта ұсынылып отыр. Тағы 210 нысан әлі бағаланған жоқ. Олар жылдың соңына дейін сатуға қойылатын болады. Осылайша, жылдың соңына дейін өсім саудасы арқылы 492 нысан жекешелендіріледі»,-деді Р.Даленов.  

Оның сөзінше, саудаға шығарылған 160 нысанның 88-і оның жартылай қойжайыны болып отырған азаматтарға 22,4 миллиард теңгеге сатылды. «39 сатып алушы жаңадан келген азаматтар, 32 нысанды инвестор-компаниялар 6,2 миллиард теңгеге сатып алды. 1 нысан IPO жобасы бойынша «КЕGОC» акционерлік қоғамына 13,1 миллиард теңгеге сатылды»,-деді вице-министр.  

Индира Кауметова

 

 

 




Яндекс.Метрика