Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Президент бүгінде қазақстандық қоғамды біріктіретін және ықпалдастыратын мықты фактор болып отыр – депутат

Мен саясатттанушы ретінде 2015 жылғы сайлаудың әлемге бірнеше ерекшеліктерімізді жария еткендігін атап өткім келеді, деді Парламент Сенатының комитет төрағасы, саясаттану ғылымдарының докторы Ақан Бижанов.
Астана қаласы 30 Сәуір, 16:09

Біріншіден, А.Бижановтың сөзінше, 2015 жылғы Президент сайлауы мемлекетіміздің өміріндегі тарихи оқиға болды,  онда еліміз тарихында алғаш рет азаматтар ең көп дауыс берді. Қазақстан халқы Мемлекет басшысының   елімізді тұрақты дамытуға бағытталған саясатын түпкілікті қолдайтындықтарын білдірді.

«Екіншіден, сайлау науқаны мен сайлаудың өзі ел Президентінің қазақстандық қоғамдық біріктіретін, ықпалдастыратын мықты фактор ретіндегі мемлекеттің жүйеқұраушы өзегі екенін көрсетті. Бұл Қазақстан басшысының беделінің қаншалықты жоғары екендігінің, халықтың Елбасына деген сенімінің көрсеткіші»,-деді сенатор.     

Үшіншіден комитет төрағасының пікірінше, 2015 жылғы сайлаудың ерекшелігі онда жастардың айрықша белсенділігі байқалды.

«Президент сайлауындағы дауыс  беру кезінде біз сайлау учаскелерінде дауыс беру үшін кезекте тұрған азаматтардың басым көпшілігін жастар құрағандығының куәсі болдық және ол бізді қатты қуантты. Бұл тәуелсіздік жылдарында елімізде өзінің Отанының, өзінің мемлекетінің тағдырына бей-жай қарамайтын, саяси мәдениеті жоғары буынның өскендігін көрсетеді»,-деді А.Бижанов.

   

   

 

 





Яндекс.Метрика