Ұлтаралық бірлік

Президент сайлауы қазақстандық халықты біріктірді – ҚХА

Президенттік сайлау қазақстандық халықтың басын қосып, біріктірді, деді ОКҚ брифингінде ҚХА мүшесі, Еуразия Ұлттық университеті ҚХА кафедрасының меңгерушісі Анатолий Башмаков.
Астана қаласы30 Сәуір , 13:32

«Бүгін ҚХА сессиясының қорытындысын айтуға болмайды, «ҚХА 20 ізгі іс» акциясы мен ҚХА жылы  әлі өз мәресіне жеткізген жоқ. Біз рухани байлықтың  4 саяси оқиғасын қостық, олар: Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы», - деді А.Башмаков.

Оның айтуынша, бұл  адамдардың тарихқа деген сыйластығын арттырады.

«Жақын күндері президенттік сайлау өтті, бұл өте маңызды оқиға. Кез келген елде президенттік сайлау елдің бірлігін көрсетеді. Қазақстанның тарихи феномены сайлау болып саналады. Ол қазақстандық халықты біріктіреді. Бұл біздің сайлаудың басты қорытындысы, Президенттің басты қорытындысы", - деді ол.

Ботагоз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика