Ұлтаралық бірлік

Ант беру рәсімі тәуелсіз Қазақстанның жаңа серпін нүктесі болды - ҚХА

Ант беру рәсімі тәуелсіз Қазақстанның жаңа басталу нүктесі болды, деді ОКҚ брифингінде Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко.
Астана қаласы30 Сәуір , 13:11

«ҚХА Мемлекет басшысын ант беру рәсімінің өтуімен құттықтады, сайлаудағы Н.Назарбаевтың жеңісі халық оның реформаларын толық қолдайтындығын байқатты», - деді Л.Прокопенко.

Оның айтуынша, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдарламасы, 5 интитуционалды реформа, «Мәңгілік ел» идеясы бар.

«Барлық бағдарламалар елді 30 дамыған елдің қатарына кіруге себепші болады. Бұл орайда Елбасының бейбітшілік пен келісім саясаты саяси жағдайды қамтамасыз етудің кепілі», - деді ол.

Жалпы, ҚХА хатшылығының меңгерушісі айтқандай,  ұлт жоспары – мемлекеттік құрылымды жетілдірудің 100 қадамы, біздің өміріміздің барлық саласын қамтып дамуға мүмкіндік береді, ол міндеттерді орындау үшін қазақстандық халық барынша бейбіт пен келісімде өмір сүруі керек.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 




Яндекс.Метрика