Адами капитал

250 аса жас талант «Жеңіс жолдарымен» гала-концертінде өнер көрсетті (Фото)

Астана қаласының Бейбітшілік және келісім сарайында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына арналған «Жеңіс жолдарымен» халықаралық жастар шығармашылығы фестивалінің гала-концерт өтті, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі.
Астана қаласы 30 Сәуір, 14:38

Гала-концерттің құрметті қонақтары болып Астана қаласындағы Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлері табылады. Гала-концертке «Жеңіс жолдарымен» фестивалінің өңірлік іріктеу турларының жеңімпаздары, оның қатарында Қазақстанның және ТМД елдерінің жоғарғы оқу орындарының студенттік хор және би ұжымдары, жекелеген орындаушылар, мәнерлеп оқушылар қатысты. Концертке 250-ден астам жас дарындар қатысты..

Гала-концерт халықаралық шығармашылық алаңы болып табылады. «Көркем сөз» номинациясы бойынша Бішкек, Омбы және Астана қаласының мәнерлеп оқушы жастары өз тілдерінде монолог оқиды. Астана қаласының би ұжымы Қырғызстан мен Қазақстанның екі хореографының бірлескен авторлық жұмысын іске асырды.

Қазақстандық ЖОО-ның студенттік хорының жинақтауымен Баку, Минск және Санкт-Петербургтік солистерінен ерекше шығармашылық альянсы құрылды. Кеш қонақтары үшін соғыс жылдарындағы атақты әндер шырқалып, сценада таныс образдар көрсетілді.

Сондай-ақ, концертке қазақстандық шығармашылық бірлетіктер де қатысты: Атырау, Семей, Петропавл, Қостанай және Орал қалаларының студенттік хорлары «Прощание славянки» әнін орындады. Астана мен Атыраудың би ұжымдары атыраулық «Көлеңкелер театрымен» бірлесіп, «Вернись, сынок, весной!» хореографиялық композициясын орындады.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына арналған «Жеңіс жолдарымен» халықаралық жастар шығармашылығы фестивалі ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.

Фестивальдың басты мақсаты: ұрпақтар арасындағы байланысты сақтауға, жастардың патриоттық сезімін және белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға ықпал ету.





Дерекнама

Яндекс.Метрика