Адами капитал

ҚР СІМ адам құқығын шектемеу мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші Үсен Сүлейменнің төрағалығымен «Адам өлшемдерінің пікірталас алаңы» консультативті-кеңесші органның кезекті мәжілісі өтті, деп хабарлайды ведомство.
Астана қаласы30 Сәуір , 14:07

Кездесуде ҚР Конституциясы кепілдік беретін қазақстандықтардың нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік тобы мен діни көзқарасы және наным-сенімдеріне қарамастан, құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етуілу мәселесі сөз болды.

СІМ ақпараттары бойынша, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері алалаушылық көріністерге жол беретін элементтерді анықтау мақсатында ҚР заңнамалық актілеріне талдау жасау қажет деген ортақ шешімге келді. ККО мүшелері алаламаушылық бағытындағы халықаралық тәжірибе негізінде «Аламаушылық туралы» заң жобасын дайындауда күш біріктіретін болып шешілді.  

Одан әрі мәжіліске қатысушылар БҰҰ дін мен сенім жөніндегі баяндамашысы Хайнер Билефельдтің Қазақстанға сапарының қорытындылары мен мейман тарапынан ұсынылған ақыл-кеңестер талқыланды. Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин қазақстандық тараптың көзқарасын танытты.   

Мәжіліс «Адам құқықтары мен заңдылықтың сақталуы жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның» қостанайлық филиалының директоры Анастасия Миллердің «Адам құқықтары жөніндегі халықаралық органның шешімдерін имплементациялау: Қазақстанның алғашқы тәжірибесі және өзге мемлекеттердің әдісі» атты тақырыптағы таныстырылымымен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, СІМ жанындағы консультативті-кеңесші органының «Адам өлшемдері бойынша пікірталас алаңы» 2013 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істеуде. ККО жұмысының қорытындысы демократияны дамыту, заң үстемдігін қамтамасыз ету мен адам құқықтарын қорғау бағытында 2013 жылы 157, 2014 жылы 109 ақыл-кеңес дайындауы болды.   

 




Яндекс.Метрика