Сайлау-2015

Италия, Люксембург және Италия көшбасшылары ҚР Президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шет мемлекеттердің көшбасшыларынан құттықтау жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Сәуір , 11:13

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Люксембург Премьер-Министрі Ксавье Беттельден құттықтау жеделхаты келіп түсті.

Ксавье Беттель Люксембург Ұлы Герцогтігі Үкіметінің және жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

«Елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастарды нығайту мақсатында  Сізбен және Сіздің Үкіметпен бірлескен жұмысты жалғастыра беретініме қуаныштымын. Өзара мүдделестік танытқан екіжақты мәселелерді менің Астанаға мамыр айында болатын сапарым кезінде Сізбен талқылау мүмкіндігін тағатсыздана күтудемін», – делінген жеделхатта.

Люксембург Премьер-Министрі Қазақстан Президентіне жауапты лауазымдағы жұмысына табыс тіледі.

Ал, С.Маттарелла Италия халқының және жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты жеңісімен құттықтады.

«Қазақстан мен Италия арасындағы дәстүрлі энергетика және басқа да салалардағы жемісті ынтымақтастығымыздың бағыты дұрыс. Қазақстан Сіздің басшылығыңыз арқылы Еуропалық одақпен қарым-қатынастарын, сондай-ақ Астана мен Рим арасындағы байланыстарды нығайтуды жалғастыратынына сенемін», – делінген құттықтауда.

Италия Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және бүкіл елімізге бақ-береке тіледі.

 




Яндекс.Метрика