Сайлау-2015

ЕҚЫҰ: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Қазақстанда 26-сәуірде өткен президенттік сайлаудың қорытындысына байланысты баяндамасын жария етті. Онда бүкіл сайлау үдерісінің ұйымдасқан түрде өткендігі айтылады.
Астана қаласы30 Сәуір , 15:24

«Сайлауды ұйымдастыру мен дайындық жұмыстары тиімді болды. Барлық сайлау мерзімдері сақталып, Орталық сайлау комиссиясы және аймақтық сайлау комиссияларының барлығы сайлаудың ашықтығын қамтамасыз етті.  ОСК мәжілістері байқаушылар мен БАҚ үшін ашық болды. ОСК күн тәртібін сессия басталғанға дейін жариялаған жоқ, бірақ бұны заң талап етпейді. ОСК шешімдерінің барлығы кешігіп болса да арнайы сайтта жарияланып отырды»,-делінген миссия байқаушыларының баяндамасында.

ЕҚЫҰ миссиясының өкілдерімен ҰҚШҰ байқаушылары да  келіседі. Олар да сайлауға дайындық жұмыстарының жоғары деңгейде өткендігін айтып отыр.

«Біз өзіміздің жұмысымызды аяқтап, қорытындысын шығардық. Бүгін біз ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы ашық, әділ, жариялы түрде өтті деп нық сеніммен мәлімдей аламыз»,-деді ҰҚШҰ байқаушылар миссиясының жетекшісі, Ресей Федерациясы Федералды жиынының Мемлекеттік думасының депутаты Анатолий Выборный ОСК-да өткен брифингте.    

Ол сонымен қатар, Қазақстан халқының өзінің еріктерін жасырын дауыс беру арқылы тікелей жолмен, нақты әрі сенімді түрде жасағандығын атап өтті. Айта кететін мәселе, байқаушылардың барлығының баяндамаларында қазақстандық саяси жүйенің демократиялық деңгейінің жоғарылығы, тұрғындардың сана сезімінің айтарлықтай өскендігін айтылады. Жоғары патриоттық пен ұлттық сана-сезім Мемлекет басшысының сауатты саясат жүргізіп отырғандығын және оның реформаларының дұрыстығын көрсетеді.  

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика