Білім беру

ҚР БҒМ оқушылардың ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарына психологиялық көмек көрсетуде

Отбасылық Тәрбиелеу Институты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, «НұрОтан» партиясының қолдауымен, «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» атты Бірыңғай Республикалық Ата-аналар Конференциясын өткізді, деп хабарлады ҚР БҒМ.
Казахстан30 Сәуір , 11:23

Аудандар мен ауылдың 11-сынып оқушыларының ата-аналарымен 1000-нан астам педаггог-психологтар жұмыс жасайтын болады. Бұл мамандардың барлығы – Отбаслық Тәрбиелеу Институтының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүзеге асып отырған, отбасылық тәрбиелеу мәселесі бойынша кәсіби біліктілігін арттыру бағдарламасының  түлектері болып табылады.  

Конференцияға ҚР мемлекеттік білім басқармаларының басшылары, «НұрОтан» партиясының өкілдері, Отбасылық Тәрбиелеу Институтының 1000 астам психолог-педагог мамандары, мектептегі директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, мектептің медицина қызметкерлері, мектеп психологтары және 11-сынып оқушыларының ата-аналары шақырылды.   

Конференция барысында психолгтар, түлектердің ата-аналарымен ҰБТ тапсыру барысына дайындық кезінде кездесетін ата-аналардың конструктивті емес мінез-құлықтары – бейберекеттік, жауапсыздық пен салғырттық, қобалжу мен балаларын қорқыту сияқты іс-әрекеттері жайында сөз қозғалды.

Ата-аналарға жасөспірімдердің стресске төтеп беруді жоғарылату, қысым мен қобалжуды төмендетуге арналған әдіс-тәсілдер ұсынылады. Психологтар, балаға қалай жағымды көңіл-күй туындату мен өзінің уақытын, күш-жігерін тиімді пайдалана білуге кеңестер берді.

 Бұл еліміздің ата-аналарына арналған педагогикалық-психологиялық ауқымды акция, ҰБТ тапсыру барысна дайындық кезеңіндегі жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек ретінде, сонымен қатар, ата-аналардың көпшілігінде мектепте оқитын өзге де балаларының барын ескере отырып, білім ордасымен байланыста болулары үшін ұйымдастырылуда. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика