Білім беру

Қостанайда қоғамдық түсініктегі отбасылық жағдайдың мәселесі талқыланды

Қостанайда «Жетім балаларды орналастыру проблемасын шешудегі қазіргі тәсілдері: отбасы басымдығында» тақырыбында Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдар басшыларының республикалық кеңесінің отырысы өткізілді, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі.
Қостанай30 Сәуір , 20:42

Отырыс ұйымдастырушысы Қостанай обласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комиеті болып табылады.

Педагогикалық пікірталас барысында қатысушылар жетім балаларды қонақ, қабылдаушы отбасылар сияқты орналастырудың жаңа балама нысандарын енгізу мүмкіндігін талқылады, Қазақстандағы қабылдаушы отбасылар институтын дамытудың оң тәжірибесімен танысты, отбасылық өмір салты мағынасын ұлттық құндылықтардың негізі ретінде қоғамдық түсінікті бекіту мәселелерін қарастырды.

Отырыс жұмысының қорытындысы бойынша бала үшін қолайлы және қауіпсіз ортаны отбасының анағұрлым жан-жақты қолдауы, баланың және кәмелетке толмаған баласы бар отбасының өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде ұсынымдама қөабылданды.




Яндекс.Метрика