Білім және ғылым министрлігі хабарлағандай, конференцияға қатысушылар ТжКБ білім беру орындарының ынтымақтастығын, дуалды білім беру жүйесін, модульді оқу бағдарламалары мен мамандарды сертификаттау, инновациялық технологияларды енгізу мәселелерін талқылайды.
Аталған шара аясында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы аясында «Мәңгілік Елге» бағытталған ТжКБ оқу орындарының игі істер жайлы көрме ұйымдастырылады. Онда оқу орындары өздері жасаған инновациялық құрал-жабдықтар қойылады.
Шараға ҚР Білім және ғылым министрлігі, Оңт.стік Қазақстан облысының әкімшілігі, «Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы», Түркия, Өзбекстан, Ресей, Беларусь елдерінің өкілдері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармаларының өкілдері, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Түркістан қаласының әкімшілігі, әлеуметтік серіктестіктер, елге танымал колледж түлектері қатысты.