Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҚР Президенті көтерген реформалар Қазақстанның жаһандық қауіптерге қарсы дер кезінде берілген жауап – ҚХА

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген реформалар Қазақстанның жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы уақытында берілген, мықты жауабы деуге болады, деп есептейді ҚХА мүшесі, Ақмола облыстық «Чуваш этно-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Елена Мащинская.
Ақмола 30 Сәуір, 10:38

«Біз этномәдени орталық өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевтың таң қалдырарлық дауыс беру қорытындылары мен Елбасының ресми Президент  лауазымына қайта сайлануын қолдаймыз. Биылғы 1-мамыр ерекше болмақ. Осы мерекенің қарсаңында жалпы халық болып сайлаған Президент өз қызметіне ресми кірісті. Бұл біздің қоғамдық келісімімз бен ұлттық бірлігімізді одан әрі нығайта түседі. Біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан қоғамының бірлігі мен этникаарлық келісім үшін  шын жүректен алғысымызды білдіреміз»,-деді ол.

Оның пікірінше, бейбіт те бақытты өмір, азаматтардың өмірінің әл-ауқатының оңды болуы ел Президентінің салиқалы да көрегенді саясатының нәтижесі.

«Мемлекет басшысы ұсынған реформалар – Қазақстанның жаһандық деңгейдегі қауіп-қатерлерге уақытында берген жауабы. Президент ұсынған 5 реформаны қоса алғанда, ол қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған шарттар. Институционалды реформалардың бірі мемлекеттік қызметтің кәсіби-ортақ корпусы экономикалық реформалар мен мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру тиімділігін арттырады. Заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформа соттарға деген кәсіби талаптарды қатайтып, бүкіл сот жүйесінің ашықтығын қаматамсыз етеді. Нәтижесінде сот жүйесіндегі  жемқорлық жойылады. Индустриализация мен экономикалық өсім бүкіл жүйені жаңғыртып, мықты орта таптың қалыптасуына ықпал етеді»,-деді Е.Мащинская.    

Оның сөзінше, «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық рухани идеясының біріктіруші құндылықтары қазақстандықтардың жұмылуына алып келеді. 100-ден астам этностар мен 17 конфессия өкілдерін біріктіретін күш еуразиялық идея болуы керек.

 

 

 





Яндекс.Метрика