Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Президенттің елді дамыту бойынша қолданылатын шаралары ертеңгі күнге сенім ұялатады – ҚХА

Н.Назарбаевтың сайлаудағы жеңісі – Елбасыға халықтың көрсеткен сенімі мен қолдауы, деді Маңғыстау облысының ҚХА мүшелері.
Маңғыстау30 Сәуір , 12:07

«Біздің барлық жетістіктеріміз Президент ұлттық бірлікті ту еткенінің арқасында жүзеге асты. Президенттің өз лауазымына тағайындалуы 1 мамыр бейбітшілік күні, Қазақстан халқының бірлігі күні  бекер ұйымдастырылмады», - деді «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Магомед Лорсанов.

ЭМБ мүшелерінің пікірінше, олар өз көшбасшыларына болашақты сеніп тапсырды. Тек қана Елбасымен бірге жарқын болашақты құра аламыз, дейді олар.

«Біз Елбасы ұсынған  институционалдық реформалардың маңыздылығы мен өзектілігін сезінеміз.Бүгінде елде «Нұрлы жол» бағдарламасы жүзеге асырылуда, жаңа кәсіпорындар ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылуда. Қазақстан Президенті елдің тұрақты дамуы бойынша қолданылып жатқан шаралары ертеңгі күнге  сенім ұялатады», - деді ол.

М.Лорсанов атап өткендей, аңғыстау – Қазақстанның инвестициялы облыстарының бірі.

«Транспорттық-логистикалық және туристік әлеуетке ие біздің өіңіріміз үшін 5 институционалды реформаның қабылдануы үлкен перспиктаваларға жол ашады», - деді ол.

 




Яндекс.Метрика