Өңірлер

ҚазАгро өңірлерде кредиттік серіктестіктердің даму жай - күйі мен перспективалары туралы конференциялар өткізуде

«КазАгро» АҚ «Кредиттік серіктестіктердің даму жай - күйі мен перспективалары» туралы аймақтық конференциялар өткізуде, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.
Казахстан30 Сәуір , 12:54

«Кредит серіктестігі (бұдан әрі - КС) 2001 жылы «Аграрлы несие корпорациясы» АҚ арқылы мемлекеттің қолдауымен ауылшаруашылығы тауарөндірушілерін төмен пайызды несиемен қамтамасыз ету мақсатында ауылдық жерлерде құрыла бастады», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде Қазақстанда 170-ке жуық кредиттік серіктестіктердің (КС) мен 11 мыңға жуық ауылшаруашылығы тауарөндірушілерінің (АШТӨ) басын қосады. Олардың ішінде шаруа қожалықтары – 82% болса, ЖШС-тер – 10%, өзге де санаттағы ұйымдар (АҚ, КК, ЖК және т.б.) – 8 %-ға тең.

Бүгінде Кредит серіктестігі елдегі Маңғыстау мен Атырау облыстарының кейбір аудандарын қоспағанда аудандық деңгейдегі ауылдық жерлердің 93 пайызбен қамтиды. КС қызметін тұтынғандардың басым бөлігі Ақмола мен ОҚО облысында әр өңірге 18-ден және Алматы мен ШҚО – 17-ден тең келеді. Сондай-ақ, КС кейбір ауыл тұрғындары жиі қатынайтын Қызылорда мен Семей сияқты қалаларда да құрылған.

Ал Кредиттік серіктестіктердің жарғылық капиталының жалпы көлемі 9 млрд теңгеге жуықтайды. Соңғы кезде Кредиттік серіктестік «Аграрлы несиелеу корпорациясымен» бірлесе отырып, жыл сайынғы несиелендіру көлемін ұлғайтты. 2012 жылғы қаржыландырудың жалпы сомасы 15,5 млрд теңге болса, 2013 жылда 19 млрд, ал 2014 жылды бұл көрсеткіш 25,8 млрд теңгені құрады.  

Сондықтан да КС қызметкерлерін біліктілігін арттыру үшін және олардың Агроөнеркәсіптік кешендер кредиттік серіктестердің қауымдастығы (бұдн әрі – АӨКҚС) «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (бұдан әрі - Холдинг) және «Аграрлы несие корпарациясы» АҚ (бұдан әрі - Корпорация) бірлесе отырып,  қауымдастықтағы жаңа деңгейлі қызметін жүзеге асыруда «Ауылдық кредиттік  серіктестер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру» жобасын қолға алуда. 

Жобаның басты мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы тауарөндірушілерге мемлекет тарапынан ұсынылып жатқан қаржы құралдарын белсенді пайдалануы үшін несие серіктестерінің қызметтік рөлін күшейту. 

Конференцияға депутаттар, әкімдік жетекшілері мен мамандары, облыстық басқару ісінің өкілдері, Холдинг, Корпорация, «Даму» Қорының, лизингтік компаниялар мен халықаралық қаржы институттары, екінші деңгейлі банк өкілдері, аудандық ауыл шаруашылығы өкілдері, Басқарма төрағалары мен осы салада қатысты еңбек етіп жүрген қызметкерлер шақырылған.  

 




Яндекс.Метрика