Адами капитал

ШҚО-ның Глубоковский ауданы «Жеңіс көктемін» қарсы алды

ҰОС Жеңістің 70 жылдығын атап өту қарсаңында, Шығыс Қазақстан облысының Глубоковский ауданында соғыс ардагерлері мен ауыл тұрғындарына және қонақтарына арналып, кең ауқымды «Жеңіс көктемі» шарасы өтті, деп хабарлайды Ақпарат орталығы.
Шығыс Қазақстан30 Сәуір , 09:53

Шара аясында «Мүмкін емес те мүмкін» қоғамдық бірлестігінің таныстырылымы болды. Мерекеге ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері шақырылды. Шара барысында аудан әкімі Арман Бекбосын Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған естелік медальдарды тапсырды.

Таратылған ақпараттар бойынша, шара оған жиналған азаматтың әрқайсысына соғыс кезіндегі заманды, ондағы халықтың тыныс-тіршілігін елестетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ шараға қатысушыларға жеңіс лентасы таратылды. Мәдениет үйінің алдында соғыс кезіндегі кезеңдерден театрландырылған көріністер көрсетілді. Алаңда госпиталь, әскери  редакция, далалық асхана салынып, онда шараға қатысушылар солдат ботқасынан дәм татты.   

«Жеңіс көктемі» мерекесін атап өту барысында мүмкіндігі шектеулі жандар бірлестігінің өкілдері мүгедек жандарды қорғау мен қолдауға бағытталған  «Мүмкін емес те мүмкін» атты ұйымның қызметімен таныстырды. Аталмыш ұйым азаматтардың жұмысқа орналасуларына қолғабыс етіп, оларға қажетті жағдайларды жасайды. Яғни ұйым мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірдің барлық салаларында өзгелермен бірдей тіршілік етуін мақсат етеді.   

 

 




Яндекс.Метрика