Сайлау-2015

Шет мемлекеттердің көшбасшылары ҚР Президентін сайлаудағы тарихи жеңісімен құттықтауда

Шет мемлекеттердің көшбасшылары ҚР Президентін сайлаудағы тарихи жеңісіне орай құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Сәуір , 09:23

Абдель Фаттах ас-Сиси Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтайтынын жеткізген.

«Сіздің қажырлы қызметіңіз мемлекетті дамыту мен өркендетуге бағытталғғған. Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және екі ел халқының игілігі үшін  достық, тарихи байланыстарымызды кеңейтуге ниеттестік білдіруге рұқсат етіңіз», – делінген жеделхатта.

Соңында Египет Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, ал Қазақстан халқына татулық пен бақ-береке тіледі. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Латвия Республикасының Президенті Андрис Берзиньштен құттықтау жеделхаты келіп түсті.

 Андрис Берзиньш Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтаған.  

«Елдеріміздің екіжақты қарым-қатынастарын тереңдетуге Сіздің қосып отырған жеке үлесіңіздің арқасында Латвия мен Қазақстанның арасындағы ынтымақтастықтың тұрақты түрде дамып, нығайып келе жатқанын айтқым келеді. Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастықтың кеңеюіне жоғары баға беруге рұқсат етіңіз. Латвия өз тарапынан бұл үдеріске бұдан әрі де белсенді ықпал етуге ниетті», – делінген жеделхатта.

Латвия Президенті Қазақстан Президентіне мықты денсаулық және жауапты мемлекеттік лауазымында табыс, ал достас Қазақстан халқына гүлдену тілеген. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорждан құттықтау жеделхаты келіп түсті.

Цахиагийн Элбэгдорж Нұрсұлтан Назарбаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.

«Сізбен Моңғолия және Қазақстан арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастар аясын одан әрі кеңейту ісінде ынтымақтасатынымызға қуанамын», – делінген жеделхатта.

Соңында Ц.Элбэгдорж Қазақстан Президентіне денсаулық, жұмысына табыс, ал достас Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.

 




Яндекс.Метрика