Сайлау-2015

Иордания Королі Н. Назарбаевты Президент болып сайлануына байланысты құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Иордания Королі II Абдалла ибн Хусейннен құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Сәуір , 09:08

II Абдалла ибн Хусейн жеке өзінің және иордан халқының атынан Нұрсұлтан Назарбаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

«Қазақстанмен барлық саладағы мемлекетаралық қарым-қатынасымызды одан әрі де өрістетуге, сондай-ақ достас елдеріміздің мүддесі және бүкіл мұсылман әлемінің игілігі үшін қауіпсіздікті, тұрақтылық пен беййбітшілікті қамтамасыз етудегі күш-жігерімізді  арттыруға деген ұмтылысымызды атап өткім келеді», – делінген жеделхатта.

Соңында Иордания Королі Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық тілеп, достас Қазақстан халқының ілгерілеуі мен өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді. 




Яндекс.Метрика