Жаңа қазақстандық патриотизм

Сарапшы: Жастарды патриоттық тәрбиелеу Қазақстанның ұлттық өркендеуіне бағытталуы тиіс

Жастарды патриоттық тәрбиелеу Қазақстанның ұлттық өркендеуіне бағытталуы тиіс. ҚР ДІА жанындағы халықаралық мәдениет және дін орталығының жетекші сарапшысы Аманжол Ахметбеков осындай пікір білдірді, деп хабарлайды 2050 Стратегиясының ресми сайты.
Казахстан06 Тамыз , 00:00

«Жастарды патриоттық тәрбиелеу ең алдымен Қазақстанның одан әрі ұлттық өркендеуі үшін жағдай жасауға бағытталуы тиіс және оның мақсаты мынандай болуы керек: жастар арасында жоғары әлеуметтік белсенділікті, азаматтық жауапкершілікті, жоғары руханилықты, жағымды құндылықтары бар азаматтардың қалыптасуын дамыту», – деді Аманжол Ахметбеков.

Оның айтуынша, қазақстандық жастарды патриоттық тәрбиелеудің негізгі қағидалары мыналар: республикадағы барлық жастар бірлестіктерінің патриоттық тәрбие бойынша бір-бірімен жүргізілетін үйлестірілген, мақсатты жұмысын бағамдайтын жүйелі-ұйымдастырылған әдіс қағидасы; қандай да бір жастар тобы жұмысының ерекшелігі есебімен патриоттық жұмыстардың арнайы түрлері мен әістерін қолдануды бағамдайтын патриоттық қалыптастырудағы мекен-жайлық әдіс қағидасы; өз ата-бабасын мақтан тұту сезімін, тұрмыста және ішкіжанұялық қарым-қатынастағы ұлттық салт-дәстүрді, жасампаз еңбекке арналған лқу мен әдістерді дамытатын өткен ұрпақтың тарихи тәжірибесі есебінің қағидасы; патриоттық идеялар мен құндылықтарды насихаттауда аймақтық жағдайлар есебінің қағидасы.

«Патриоттық тәрбиелеудің негізгі нысаны – арасында жеке тұлғаны өнегелі, рухани, мәдени, физикалық және өзге де дамытудың негізі қаланатын Қазақстан жастары боп табылады. Патриоттық тәрбиелеудің жүйесіне енгізілген жастардың өзі де сол патриоттық тәрбиелеудің субъектісі де болады. Жастарды патриоттық тәрбиелеу жоспарлы, жүйелі, тұрақты және мақсатты болуы тиіс», – деді сарапшы.

Елдегі негізгі діни конфессиялар өкілдерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді қатысуы арқылы ұжымның тұрақты негізде ұйымдастыратын және өткізетін жаппай патриоттық жұмыс патриоттық тәрбиелеу жүйесіндегі негізгі құрауыш болып табылады.

Патриоттық тәрбиелеу жастардың бойында өмірлік белсенді ұстанымды қалыптастыруды, оларды жалпымемлекеттік мәселелерді шешуге енгізуге дайын болуға ықпал етуді, мемлекеттік ойлау мен әдістерді қалыптастыруға жағдай жасауды, елдің жалпыұлттық мүдделеріне сәйкес әрекет ету қабілетін мен дағдысын әзірлеуді қамтамасыз етуге бағытталғаны сөзсіз.




Яндекс.Метрика