Халықаралық интеграция

Франция Президенті Н.Назарбаевты ҚР Президенті болып сайлануымен құттықтады

Мемлекет басшысының атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Франция Президенті Франсуа Олландтан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Сәуір , 20:15

Франсуа Олланд Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

«Мен Франция мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың деңгейі жоғары екенін атап өткім келеді, бұл менің таяуда Сіздің елге жасаған сапарымда айқын көрінді», – делінген жеделхатта.

Франция Президенті Қазақстанмен ынтымақтастықты екі елдің игілігі үшін одан әрі дамытуға ниетті екенін білдірді.

«Сіздің тұрақтылықты және Орталық Азия елдерімен тату көршілік қарым-қатынасты қамтамасыз етуге, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға бағытталған күш-жігеріңізді Францияның қолдайтынына сендіргім келеді», – делінген құттықтауда.

Ф.Олланд сондай-ақ Қазақстан Президентіне елді жаңғырту және демократиялық реформаларды жүзеге асыру ісінде табыс тіледі. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика