Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Жасыл экономика үшін коалициясы мен G-Global дамытушылары ҚР Президентінің бастамаларын қолдайды

Ұлықтау салтанатты шарасында Президент тарапынан айтылғандар үлкен серпінді күшке ие, дейді Жасыл экономика үшін коалициясы мен G-Global дамытушы өкілдері
Астана қаласы29 Сәуір , 18:09

«Жасыл экономика үшін коалициясы мен G-Global бастамасын дамытушылар атынан Сізді Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми сайлануыңызбен құттықтаймыз! Сіздің ұлықтау салтанатты шарасында сөйлеген сөзіңіз үлкен серпілтуші күшке ие. Біз барлық негізгі бағыттары қолдаймыз және оларды жүзеге асыруға өз үлесімізді қосуға дайынбыз»,-делінген құттықтауда. 

Сіздің тарапыңыздан көтерілген реформалардың барлығы шын мәнінде халықтық, өйткені олар қазақстандық мемлекеттілікті одан әрі дамытуға бағытталған нақты қадам. Қазіргі таңда көпбағытты әлемнің заманауй үлгісін қалыптастыру барысында сіз қазақстандық қоғамның экономикалық, саяси және мәдени салаларындағы жаңғыртуды сатылап жүргізу ұсынып отырсыз. Бұл қадам Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағынан аймақтағы көшбасшы болып қана қоймай, бәсекеге қабілеттілікті де арттыруға мүмкіндік беретіндігі сөзсіз.        

Біздіңше, сіздің азаматтық қоғам рөлін арттыру, шешім қабылдауда ашықтықты ұстану, қоғамның өзін-өзі басқару жүйесін енгізу жөніндегі бастамаларыңызға ерекше көңіл бөлу қажет. Қазақстандық ұлттың өзегі орта тап болатындығы да әділ айтылған. Өйткені, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыратындар солар. Қазақстанның кадрлық әлеуетін арттыру «Қазақстан-2050» стратегиясы мен «Нұрлы жол» сияқты маңызды бағдарламалардың талапқа сай жүзеге асырылуына ықпал етеді.   




Яндекс.Метрика