Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстан жастарының алдында бес маңызды реформаны жүзеге асыру міндеті тұр - Жастар конгресі

Ұлықтау рәсімінің барысында сөйлеген сөзінде ҚР Президенті еліміздің дамуы үшін 5 институционалды реформаның аса маңызды екендігін айтты, дейді Қазақстан жастары конгресінің өкілдері.
Астана қаласы29 Сәуір , 19:32

«Қазақстандық бірлікті одан әрі нығайтып, төзімділік пен келісім жөніндегі қазақстандық үлгіні сақтап қалу үшін азаматтық принцип басым болуы керектігі сөз жоқ дұрыс айтылды. Біздің азаматтарымыздың барлығының құқықтары бірдей болып, олардың барлығы жауапкершілік жүгін де бірге артулары керек. Сондай-ақ олардың түрлі мүмкіндіктерге қолжетімділіктер де бірдей болғаны ләзім»,-деді конгрес өкілдері.

Олардың пікірлерінше, еңбекқорлық, ар-ұждан тазалығы, ғылым культі мен білім, төзімділік сияқты қасиеттер «Мәңгілік ел»  идесының басты құндылықтары ретінде аталды.         

«Осылардың ішінде біз үшін маңыздысы өмір жолын, оқу, кәсіп пен жеке бастың өсімі барысында теңдей мүмкіндіктердің болғандығы ерекше маңызды. Реформаның шешуші бағыттары мемлекеттік аппараттың шешімдерінде кәсіби және өз алдына жеке шара қабылдау қасиеттерін қалыптастыру болып табылады»,-деді Қазақстан жастары.    

Жас буын институционалды реформалар мемлекеттік қызметтегі кадр саясатын өзгертеді және мемлекеттік басқарудың тиімді жұмысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.     

«Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі біліммен, дарынмен, жастардың еңбексүйгіштігімен, өлшенеді. Тап осы қасиеттер арқылы бес маңызды халықтық реформалар жүзеге асырылады»,-деді олар.  

 

 




Яндекс.Метрика