«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

ҚР «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында автожол жобаларын жүзге асыру үшін 2016 жылы Ұлттық қордан 300 миллиард теңге бөлінді

Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» бағдарламасының аясындағы автожолмен байланысты бағдарламаларын уақытында жүзеге асыру үшін 2015-2016 жылдарға Ұлттық қордан 301,1 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде биылғы жылға 178 миллиард теңге қарастырылған, деді Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков.
Астана қаласы29 Сәуір , 18:39

«Халықаралық қаржы институттарынан қосымша займдар алу жоспарлануда. Бұл шамамен алғанда 1 триллион теңге және 5,5 миллиард доллар. Қазіргі таңда министрлік тарапынан алдын ала келіссөздер жүргізілді, жыл соңына дейін займ туралы 12 келісімге қол қою жоспарланып отыр. Халықаралық институттардың займдар «Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Шығыс», «Ақтөбе-Атырау-Астрахань», «Жетібай-Жаңаөзен», және «Ұзынағаш-Отар» жобаларын жүзеге асыруға жұмсалатын болады»,-деді А.Беков.  

Нақтырақ айтқанда, «Орталық-Оңтүстік» жобасы үшін займдар есебінен Қарағанды мен Құртқа дейінгі бөлік жүзеге асырылады. Бұл мақсатта Дүниежүзілік банк пен Еуропалық банктің 2,6 миллиард доллар займы тартылатын болады.

«Орталық-Батыс» жобасы бойынша биылғы жылы бағыттың нақты орны белгіленген техника-экономикалық негіздемелер дайындалды. Жобаны жүзеге асыруға Дүниежүзілік банк, Азиялық және Ислам банктерінің 1,5 миллиард доллары тартылатын болады. Ал «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» жобасы бойынша Азиялық және Ислам банктерінің 960 миллион доллаын тартылады. «Жетібай-Жаңаөзен» жобасын жүзеге асыруға Азиялық даму банкінің займдарынан үнемделген 140 миллион доллар, «Ұзынағаш-Отар» учаскесіне Дүниежүзілік банктен үнемделетін 213 миллион доллар жұмсалады»,-деді комитет төрағасының орынбасары.   

Барлық жобалар бойынша, биылғы жылы техника-негіздемелік құжаттар дайындалып, құрылыс жұмыстарын 2016 жылдың екінші тоқсанында бастау жоспарланып отыр.  

Естеріңізге сала кетейік, ұлықтау рәсімінде Н.Назарбаев әлемдік экономиканың турбуленттілігіне қарсы Қазақстанда «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық  саясаты дайындалды.   

«Бағдарлама - жұмыс орындарын ашу, жаңа экономикалық өсім мен іргетас қалауға негіз болатын батыл да жедел қимылдар жасауға бағытталған»,-деді Мемлекет басшысы.  

Камила Амирова

 




Яндекс.Метрика