Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Ұлт көшбасшысының бес институционалды реформасын жүзеге асыру бүгінгі даму белсенділігін сақтап қалуға бағытталған-ҚХА

Ұлт көшбасшысының бес институционалды реформасын жүзеге асыру бүгінгі даму белсенділігін сақтап қалуға бағытталған, деп мәлімдеді Қарағанды облысы «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Увайс Джанаев.
Қарағанды29 Сәуір , 17:23

«Біз Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевты кезектен тыс сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтаймыз. Нұрсұлтан Әбішұлының жеңісі  еліміздің одан ары өсіп өркендеуінің кепілі», - деді ол.

Ол атап өткендей, Ұлт көшбасшысының басшылығымен Қазақстан жас мемлекеттен әлемдегі елеулі мемлекеттердің біріне айналды.

«Біз Елбасының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан үдемелі индустриалды дамыту және «Нұрлы жол» бағдарламаларының нақты нәтижесін көрудеміз. Осы ретте, Ұлт көшбасшысының бес институционалды реформасын жүзеге асыру бүгінгі даму белсенділігін сақтап қалуға бағытталған», - деді  У.Джанаев.

Сонымен қатар, ол толықтырып кеткендей, заңнама саласында қарастырылған шаралар кешені, өзін-өзі басқаруды кеңінен еңгізу елімізді жаңғыртуға арналған.

«Біз ағымдағы жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын, Ұлы отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын, Ата заңның 20 жылдығын атап өтудеміз. Ал, бүгін Елбасына құрмет көрсету рәсімі өтті, ол Қазақстан халқының ынтымақтастығы күні қарсаңында өтті. Бұл өз кезегінде Қазақстан халқының бірлігін, ауызбіршілікте өмір сүріп жатқанын көрсетеді», - деп түйді ол.




Яндекс.Метрика